07.12.2015, 12:31 4256

Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев пен Орталық Азиядағы Дүниежүзілік банктіӊ аймақтық директоры Сарож Кумар Джа Қазақстандағы экологиялық және су жобаларын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктіӊ бірлесіп қаржыландыруымен Өскеменніӊ қоршаған ортасын қалпына келтіру бойынша жоба іске асырылуда, ол өӊір халқыныӊ денсаулығын жақсартуға бағытталған жалғыз халықаралық экологиялық жоба болып табылады. Бұдан басқа, Дүниежүзілік банктіӊ қаражатын тарта отырып, суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жобаныӊ мақсаты Сырдария, Талас, Шу, Іле трансшекаралық өзендер бассейндерінде республикалық меншіктегі ескірген суландыру және дренаждық жүйелерді қайта жөндеу арқылы Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жалпы алаӊы 113 мыӊ га суармалы жердіӊ сумен қамсыздандырылуы мен мелиорациялық жай-күйін жақсарту болып табылады.

Кездесуге қатысушылар экологиялық жобаларды іске асыру Қазақстан үшін де, Орталық Азия үшін де маӊызды екенін атап өтіп, стратегиялық ынтымақтастықтыӊ одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны