03.06.2016, 18:26 6765

Б.Сағынтаев: Жер реформасына қатысты бір де бір сауал шеткері қалмайды

"Бір де бір сауал қараусыз, шеткері қалмайды. Олардыӊ бәрін бір жүйеге келтіріп, бағыттары бойынша қарайтын боламыз", - деді Б.Сағынтаев Комиссияныӊ өӊірлерге алғашқы көшпелі отырысыныӊ қорытындысы бойынша

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысындағы Жер реформасы жөніндегі комиссияныӊ көшпелі отырысын қорытындылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бір де бір сауал қараусыз, шеткері қалмайды. Олардыӊ бәрін бір жүйеге келтіріп, бағыттары бойынша қарайтын боламыз", - деді Б.Сағынтаев Комиссияныӊ өӊірлерге алғашқы көшпелі отырысыныӊ қорытындысы бойынша, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол отырысқа қатысқан Ақмола облысыныӊ өкілдері өз пікірлерін айтып, өздерін қызықтыратын сауалдарды қойғанын айтып өтті. Олардыӊ ішінде - жерді сатуға, шетел азаматтарына жалға беруге қатысты және т.б. сауалдар бар.

"Ашық әӊгіме болды (...) Отырыс төрт сағатқа созылды, қырықтан астам адам сөз сөйледі. Селекторлық режімде облыстыӊ барлық аудандарын қостық. Аудандарда да ниет білдіргендер өз пікірлерін айтты. Бүгінгі отырыс жұмысына барлығы 250-ден астам адам қатысты. Ирине, өӊірлердегі адамдардыӊ сауалдарын, ұсыныстарын тыӊдағанда оларда барша халықты мазалайтын сұрақтардан бөлек өзге де көптеген сұрақтар бар екенін байқадық. Негізінен бұл әлеуметтік салаға, ауыл инфрақұрылымына қатысты жеке сұрақтар. Олар қала тұрғындары үшін түсініксіз болуы мүмкін, бірақ ауыл тұрғындары үшін бұл бірінші кезекте тұрған мәселелер", - деп атап өтті Бірінші вице-премьер.

Естеріӊізге салсақ, Комиссияныӊ алдыӊғы отырысы барысында, 28 мамырда, оныӊ мүшелері халыққа жер реформасы бойынша түсіндіру және ақпараттандыру үшін елдіӊ өӊірлеріне баратындығы жарияланған болатын.

"Біздіӊ міндетіміз - барлық ұсыныстар мен пікірлерді халыққа жеткізу. Комиссияныӊ келесі отырысын аймақтардағы кездесуден бастауды ұсынамын. Тағы қосалқы топ құрып аймақтарға бару керек. (...) Осы айда бірнеше сапарды жоспарлап, ал тамыз айында түйінді шешіммен оралуымыз керек. Меніӊ ойымша, халықпен кездесуді Ақмола облысынан бастаған дұрыс. Жұмысты жақын облыстардан бастау керек", - деді бірінші вице-премьер.

Сол кезде ол өӊірлердегі кездесулерге барлық мүдделі тұлғалар, аграрлық сектор және бизнес өкілдері шақырылатынын айтып өтті. Осыған байланысты ол ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке өӊірлерге баруға ниет білдірген топтардыӊ тізімін ұсынуды тапсырған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны