29.07.2016, 15:12 6351

Б.Сағынтаев жылыту маусымына дайындық мәселелері жөнінде жиын өткізді

Нысандарды 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда.

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері жөнінде селекторлық жиын өткізді.
Нысандарды 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда. 2 энергоблокты, 16 қазандықты және 12 турбинаны жөндеу аяқталды. Жылумен қамтамасыз ету желілерініӊ әзірлігі 54%, электрмен жабдықтау - 55%, білім беру нысандары - 65%, денсаулық сақтау нысандары - 64%, тұрғын үйлер - 46% құрайды.
Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қазандықтарды дайындау бойынша жұмыстардыӊ төмен қарқындары Алматы облысында (32%), жылу желілері бойынша - Оӊтүстік Қазақстан облысында (40%), білім беру нысандары бойынша - Алматыда (29%) байқалуда.
Қуаты 100Гкал/сағ дейінгі жылу көздерінде отынға сұраныс алдағы жылу беру маусымына 1 953 мыӊ тонна көмірдіИ және 196 мыӊ Итонна мазутты құрайды. Оған қоса, 525 мыӊ тонна көмір және 79 мыӊ Итонна мазут дайындалып қойылды.
Кеӊес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев энергетика, ұлттық экономика, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне нысандарды алдағы жылу беру маусымына дайындау барысын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыруды тапсырды.
Облыстар, Астана және Алматы қалаларыныӊ әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын толық орындау, коммуналдық сектор мен әлеуметтік сала нысандарыныӊ жылу беру маусымына уақытылы дайындау, әкімдердіӊ орынбасарларына жеке жауапкершілік арту, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызды төмендету және ағымдағы қарыздыӊ артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны