22.02.2021, 18:46 17614

Бәсекелестік және сұраныс мәселелері: Ұлттық Банк кәсіпорындарға сауалнама жүргізді

Сауда мен өңдеу өнеркәсібі өнімге деген сұранысқа байланысты проблемаларды бастан кешуде (тиісінше 31,0% және 27,7%), ал ауылшаруашылық кәсіпорындары білікті кадрлардың тапшылығын сезінуде (23,9%).
Нұр-Сұлтан. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Кәсіпорындар арасында Ұлттық Банк жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша 2020 жылдың IV тоқсанында барлық салада бәсекелестіктің маңыздылығы жоғары деңгейге ие болғаны байқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сауда кәсіпорындары нарықтық бәсекенің ықпалына көп ұшырайды, мұнда респонденттердің 42,5%-ы бәсекелестіктің өз бизнесіне әсер еткенін айтады. Өңдеу өнеркәсібінде мұндай кәсіпорындардың үлесі 31,0%-ға жетеді, ал тау-кен өнеркәсібінде 12,2% ғана", - деді ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов.

 
Оның айтуынша, көптеген кәсіпорындар үшін (қарастырылып отырған салалардағы кәсіпорындардың шамамен 35%-ы және ауылшаруашылық кәсіпорындарының 25,9%-ы) олардың инвестициялық белсенділігін тежейтін басты кедергі – пандемия мен шектеу шараларын енгізуден кейінгі экономиканың қалпына келуінің бастапқы сатысында тұрған Қазақстан экономикасының жағдайына қанағаттанбау. 
 
Сонымен бірге сауда мен өңдеу өнеркәсібі өнімге деген сұранысқа байланысты проблемаларды бастан кешуде (тиісінше 31,0% және 27,7%), ал ауылшаруашылық кәсіпорындары білікті кадрларға тапшылық (23,9%) барын айтады.
 

IV тоқсанда дайын өнімге қатысты сұраныс жағдайы біршама жақсарды. Ауыл шаруашылығында (диффузия индексі – 57,5) сұраныс та өсіп келеді, өңдеу өнеркәсібі оң аймаққа кірді (ДИ – 51,7), көлік, құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде құлдырау бәсеңдеді. Сауда саласында сұраныстың төмендеуі тұрақталды. Сонымен бірге барлық салада шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны баяулады", - деді Шаймарданов.

 
Оның ақпараты бойынша, 2021 жылдың І тоқсанында сұраныс жағдайы одан әрі жақсарады деп күтіледі, ДИ-дің ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде (ДИ – 58,1), құрылыста (ДИ – 59,6) және саудада (ДИ – 56,1) болады деп күтілуде. Кәсіпорындар дайын өнімге сұраныстың өсуін, шикізат пен материалдар бағасының өсуінің жеделдеуін, сондай-ақ жалақы жағдайының жақсаруын күтеді. Сонымен бірге өндіріс көлемінің маусымдық төмендеуі де күтіліп отыр.
 
Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма кәсіпорындары қатысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны