25.10.2016, 17:15 3698

Б.Сұлтанов: Мемлекеттік сатып алуларға қатысты жаӊа заӊ ашықтықты қамтамасыз етуде

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстанда "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР жаӊа заӊы әрекет етеді

Астана. 25 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстанда "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР жаӊа заӊы әрекет етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жаӊа заӊға біраз өзгерістер, біраз новеллалар, яғни қосымша толықтырулар енгізілген, бұл біріншіден, жүйеніӊ ашық болуына, екіншіден, бәсекелестікті арттыруға бағытталған. Бүгінгі күні барлық сатып алу үдерістері - сатып алу жоспарын құру, оны іске асыру, байқауларды өткізу, келісімшарттарға қол қою портал арқылы, электрондық түрде жүргізіледі. Яғни, бұл мәліметтердіӊ бәрі ашық болуы үшін арнайы портал ашылған, барлық үрдістерді сол порталдан көре аласыздар", - деп хабарлады ҚР Үкіметі отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ жаӊа заӊ бойынша әлеуетті жеткізушілер, яғни, байқауға қатысушылар алдын ала конкурстық құжаттамамен таныса алады, оған біраз уақыт беріледі. Сондықтан нарықтағы кәсіпкерлердіӊ сатып алушы мемлекеттік органдар құжаттамаларын алдын ала түзетуге мүмкіндіктері бар, олар өз ұсыныстарын да білдіре алады.

"Байқау кезінде де барлық үрдіс ашық болады. Ол үшін біз біраз тиімді новеллаларды енгіздік. Енді бұрынғыдай білдіртпей, себебін түсіндірмей ешкімді байқаудан шығаруға мүмкіндік жоқ", - деп қосты Б.Сұлтанов.

Министрдіӊ айтуынша, аталған заӊмен қатар, биылғы жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап күшіне енген мемлекеттік аудит туралы жаӊа заӊныӊ маӊызды блогы - камералдық бақылау болып табылады.

"Бүгінгі күні нысанға шықпай-ақ, электронды үрдіс - порталдыӊ көмегімен барлық жұмысты камералдық бақылау арқылы жүргізу мүмкіндігі туындап отыр. Соныӊ арқасында мемлекеттік органдардыӊ 375 млрд теӊгеге заӊ бұзушылықтары анықталды. Сондай-ақ барлық байқаулар, конкурстық құжаттамалар ретке келтіріліп, соныӊ нәтижесінде әр байқауда орташа есептегенде, бұрын 2-3 қатысушы болса, бүгінде олар 5-ке жақындап қалды", - деп сөзін түйіндеді Б. Сұлтанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны