26.12.2013, 19:14 3089

Б.Жәмішев: Еліміздің 27 моноқаласында 46 инновациялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

"Өздеріңізге мәлім болғандай, 1,5 млн халқы бар барлығы 27 моноқала анықталған. Шағын қалалармен қосқанда бұлар халықтың урбанизацияланатын елді-мекендері болады. Бұл дегеніңіз - моноқалалардың халқы қарқынды өсіп, облыс орталықтарынан да асып түсуі ғажап емес", - деді министр.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Еліміздің 27 моноқаласында 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 46 инновациялық жоба жоспарланып отыр және тағы 9 жоба қолданысқа берілмек, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

"Өздеріңізге мәлім болғандай, 1,5 млн халқы бар барлығы 27 моноқала анықталған. Шағын қалалармен қосқанда бұлар халықтың урбанизацияланатын елді-мекендері болады. Бұл дегеніңіз - моноқалалардың халқы қарқынды өсіп, облыс орталықтарынан да асып түсуі ғажап емес", - деді министр.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет есебінен қалаларда инженерлік коммуникацияны жөндеу, қалалардың құрылуы мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған. Оның мақсаты - моноқалаларды әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту, жаңа өндірістік және жұмыс орындарын ашу.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны