14.01.2014, 19:34 3892

Б. Жәмішев облыс әкімдіктеріне 2015 жылы орындалар жобалар бойынша мемлекеттік сараптаудың жобалық-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды

"ҚР Өңірлік даму министрлігі заңнамалық түрде толықтай бюджеттік өтініштерді енгізе алуы үшін әкімдерге 15 наурызға дейін 2015 жылы орындалар жобалар бойынша мемлекеттік сараптаудың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырамын", - деді Жәмішев.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев облыс әкімдеріне 15 наурызға дейін 2015 жылы орындалар жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды.

"ҚР Өңірлік даму министрлігі заңнамалық түрде толықтай бюджеттік өтініштерді енгізе алуы үшін әкімдерге 15 наурызға дейін 2015 жылы орындалар жобалар бойынша мемлекеттік сараптаудың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырамын", - деді Жәмішев.

Оның айтуынша, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 2020 жылы 10 млн шаршы метр үй салу үшін жыл сайын бағдарлама бойынша қолға алынған құрылыс көлемін көбейту көзделген.

Осыған сай, биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 6,9 млн шаршы метр құрылыс салу қарастырылған.

"Негізгі 4 бағыт бойынша алға қойған міндеттемелерді орындау үшін 2014 жылы республикалық бюджет комиссиясынан 129,9 млрд теңге қарастырылса, 206,2 млрд теңге "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша. Осылайша аталмыш төрт бағыт бойынша 76,3 млрд теңге жетіспеушілігі көрінеді. Бұл дегеніңіз 320 мың шаршы метр тұрғын үй. Бұл өз кезегінде 2015 жылдың нәтижесіне де әсер етеді", - деді министр.

Жәмішевтің айтуынша, қаржының жеткілікті бөлінбейтінінің басты себебі ЭБЖМ-нің әкімдіктер тарапынан мақұлданған құжаттар бойынша өз уақытында шара қолданбауы.

Құрылыс қарқыны бәсеңдеген өңірлердің бірі Маңғыстау облысы. Онда "Аққу" ауданы құрылысы тоқтап тұр. Оған себеп жобалау шешімдерінің сақталмауы және де қосымша шығын әкелген өзге де себептер.

"Сонымен қатар, 6 өңірдің әкімдіктері тарапынан өткен жылдардағы кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында шаралар қолданылуы керек", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны