13.07.2011, 18:45 3929

"Баян Сұлу" фабрикасы өнімдерін сату нарығын бүкіл Орта Азия мен ТМД елдеріне кеңейтуді жоспарлап отыр

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс әкімі Сергей Кулагин "Баян Сұлу" АҚ өндірістік цехтарында болған. Атап айтқанда, ол жылына 4250 тонна қатты және қоймалжың карамель өндіретін цех жұмысымен танысқан.

Қостанай. 13 шілде. Kazakhstan Today - "Баян Сұлу" фабрикасы өнімдерін сату нарығын бүкіл Орта Азия мен ТМД елдеріне кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс әкімі Сергей Кулагин "Баян Сұлу" АҚ өндірістік цехтарында болған. Атап айтқанда, ол жылына 4250 тонна қатты және қоймалжың карамель өндіретін цех жұмысымен танысқан.

"Құны 499,3 млн теңге болатын жоба фабриканың тәтті өнімдерінің сатылу нарығын Орта Азия мен Достастық елдеріне дейін кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны