04.06.2009, 13:51 2211

Байқау комиссиясы "ҚазагроҚаржы" АҚ желісі арқылы қаржыландырылатын бағыттардағы инвестициялық жобаларды іріктеу жұмысын аяқтады

Байқау комиссиясы "ҚазагроҚаржы" АҚ желісі арқылы қаржыландырылатын бағыттардағы инвестициялық жобаларды іріктеу жұмысын аяқтады

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқау комиссиясы "ҚазагроҚаржы" АҚ желісі арқылы қаржыландырылатын бағыттардағы инвестициялық жобаларды іріктеу жұмысын аяқтады. ҚР АӨК-не инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өткізілген конкурс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "ҚазагроҚаржы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада конкурстық комиссия ҚР агроөнеркәсіп кешеніндегі "ҚазагроҚаржы" АҚ желісі арқылы қаржыландырылатын бағыттардағы инвестициялық жобаларды іріктеу жұмысын аяқтады. Иңгіме республикадағы ет бағытындағы құс фабрикаларының, жоғары технологиялы жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, сондай-ақ, тамшылатып суару технологиясын қолданумен өндірістер желілерін құру және оларды дамыту бойынша жобалар жөнінде болып отыр.

ҚР парламент мәжілісінің, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің, "ҚазАгро" Ұлттық холдингі мен қоғамдық-кәсіби бірлестіктерінің өкілдерінен тұратын инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды зерттеп шығып, тапсырылған 118 өтінімнің ішінен жеңімпаздарды анықтап, қорытынды шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, ауылдағы инвестициялық жобаларды іріктеу және кейін оларды қаржыландыру үкіметтің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде жүргізіледі, осыған сәйкес агроөнеркәсіп кешенін шұғыл түрде дамыту үшін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингке 120 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінген.

Құжаттарды қабылдау науқаны барысында "ҚазАгроҚаржы" АҚ-на еліміздің түрлі агроқұрылымдарынан құс фабрикасын құруға - 21 өтінім, жылыжай кешендерін құруға - 40 өтінім, көкөніс қоймаларын салуға - 26 өтінім, сонымен қатар тамшылатып суару жүйелерін енгізуге 6 өтінім келіп түсті. Компанияның несие комитеті қабылданған талаптар мен шарттарға сәйкес жобаларды зерттей келе іріктеп шығып, оларды жеңімпаздарды анықтау бойынша түпкілікті шешім қабылдау құқығына ие болған конкурстық комиссияның қолына табыстады.

Нәтижесінде конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес ет бағытындағы құс фабрикаларын құруда үш жоба мақұлданды, олар "Ордабасы Құс" ЖШС (ОҚО), "Бройлерная птицефабрика "Жас Канат" ЖШС (Қостанай облысы), "Өскемен құс фабрикасы" ЖШС (ШҚО) іске асырылатын болады.

Жылыжай кешендерін құру бағытында төрт шаруашылық конкурс жеңімпаздары болып танылды - "Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС - 3,56 гектар жерге, Ақмола облысында; "Жасыл Шығын Орман" ЖШС - 10,2 гектар жерге, Павлодар облысында; "Green Technology" ЖШС - 3 гектар жерге, Қарағанды облысында; "Green House" ЖШС - Зеленый дом" - 4 гектар жерге, Алматы облысында. Сондай-ақ, комиссияның оң шешімін Шығыс Қазақстан облысында өнімділігі 3 мың тонна көкөніс қоймасын құру бойынша "Иртыш ТАНур плюс" ЖШС жобасы, сондай-ақ, Атырау облысында тамшылатып суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру бойынша Атырау АгроӨнімдері" шаруа қожалығының жобасы алды.

Осыдан бұрын конкурстық комиссия Қазақстанда ауыл шаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша конкурс жеңімпазын анықтаған болатын (Шығыс Қазақстан облысындағы "СемПЗ" ЖШС), сонымен қатар асыл тұқымды мал және оны ұстаудың озық технологиялары бар ірі тауарлы сүт фермаларын құру бойынша жобаларды іріктеуді аяқтады. Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының үш шаруашылығы конкурс жеңімпаздары болып танылды.

Конкурстық комиссия мүшесі, ҚР парламен мәжілісінің депутаты Рауан Шаекиннің айтуынша, жобалар барлық талаптар мен тәртіптер сақтала отырып, нәтижелі де айқын түрде іріктелді. Жалпы алғанда, ең перспективалы да, рентабельді жобаларды анықтау жолында атқарылған жұмыс комиссияның көңілінен шықты. Алайда, депутат айтқандай, Комиссияның жұмыс барысында қажетті конкурстық құжаттама пакетін, бизнес-жоспарларды жинастырып, құрастыруда шаруашылықтардың жеткіліксіз тәжірибесі байқалды. Осыған орай, Рауан Шаекин шаруаларға осы бағытта көмек көрсетуге мамандарды көбірек жұмылдыру қажеттілігін айтып кетті.

Таяу арада "ҚазАгроҚаржы" жобаларды қайта іріктеу шараларына кіріспекші.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ - 1999 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қолдарын қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарына жеткізуге қолайлы жағдай жасау арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ құрамына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны