13.09.2016, 12:23 3984

"Бәйтерек" холдингі инвесторларды қолдаудыӊ жаӊа әдістерін ұсынады

"Бәйтерек" холдингі "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" ЖШС еншілес ұйымыныӊ негізінде инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды әзірлеу жөніндегі арнайы қорды - "Kazakhstan Project Preparation Fund" (KPPF) ЖШС құруда.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" холдингі "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" ЖШС еншілес ұйымыныӊ негізінде инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды әзірлеу жөніндегі арнайы қорды - "Kazakhstan Project Preparation Fund" (KPPF) ЖШС құруда.

KPPF құрудыӊ мақсаты инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардыӊ өсімін ынталандыру, сондай-ақ "Нұрлы жол" және ИИДМБ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. KPPF қаражаты қайтарым негізде жобаларды дайындауды қаржыландыруға бағытталатын болады. Іске асыруды шетелдік және отандық инвесторлар жүргізеді, деп хабарлады Холдингтіӊ баспасөз қызметі.

"Бәйтерек" холдингі инвесторлар үшін бірыӊғай жобалау офисі ретінде жұмыс жасайды. KPPF әзірленген және іске асыруға дайын жобаларды борыштық қаржыландыру ("Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ), үлестік қаржыландыру ("Қазына Капитал Менеджмент" АҚ), экспорттық операцияларды сақтандыру ("ҚазЭкспортГарант" АҚ), гранттық қаржыландыру және субсидияларды беру ("Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ) түріндегі Холдингте қолданылатын барлық құралдарды бірге пайдалана отырып, бұдан кейінгі қаржыландыруды құрылымдау үшін Холдингке бағыттайтын болады.

KPPF-ты құру кезінде EBRD (Infrastructure Project Preparation Facility), IFC (InfraVentures), ADB (Asia-Pacific Project Preparation Facility) және AIIB (Project Preparation Special Fund) сияқты халықаралық ұйымдардыӊ осы сияқты қорларын құру жөніндегі озық халықаралық тәжірибе ескерілді.

Айта кетейік, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2013 жылғы 22 мамырдағы "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оӊтайландырудыӊ кейбір шаралары туралы" № 571 Жарлығымен құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны