18.06.2015, 16:51 4076

"Бәйтерек" холдингі іске асыратын "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша Қызылорда тұрғындарына 300 пәтердіӊ кілті табысталды

"Бәйтерек" холдингі бүгінде Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде халықтыӊ қалыӊ топтарын баспанамен қамтамасыз ету бөлігінде "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты кезеӊ-кезеӊімен жүргізуде.

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" холдингі бүгінде Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде халықтыӊ қалыӊ топтарын баспанамен қамтамасыз ету бөлігінде "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты кезеӊ-кезеӊімен жүргізуде. Бағдарлама іске асырылғаннан бері Қазақстан облыстарыныӊ және қалаларыныӊ тұрғындары көптен күткен пәтерлерін алып жатыр. "Бәйтерек" холдингі жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйдіӊ құрылысын жоғары қарқынмен жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жұмыс шеӊберінде Қызылорда қаласында "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салымшылары "Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" аясында салынған жаӊа пәтерлерге көшуде.

Қоныс той иелеріне кілттерін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингініӊ Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев табыстады.

Қызылорда қаласыныӊ "Ипподром" ауданында 50 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, пәтерлердіӊ жалпы саны - 300. Жалпы ауданы 19 722 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйдіӊ құрылыс құны - 1 775 млн. теӊге (соныӊ ішінде ҚР Ұлттық қоры қаражаты есебінен 87,8 млн. теӊге).

Аталған 300 пәтердіӊ ішінен 225 пәтер "Халықтыӊ барлық санаттарына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша үлестірілсе, қалған 75 пәтер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардыӊ арасында үлестіріледі.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміннен кейін "Бәйтерек" холдингініӊ басшысы Қ. Бишімбаев Қызылорданыӊ "Арай" ықшам ауданында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдіӊ құрылыс алаӊына барып қайтты. Жобаны Холдингтіӊ еншілес ұйымы - "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ (ҚИК) жүзеге асырып жатыр. Объектіні салу 2015 жылғы 26 ақпанда бастау алды. Тұрғын үй қыркүйекте тапсырылады деп күтілуде. Пәтер саны - 280, жалпы ауданы 17219,78 шаршы метр. Қазір құрылыс алаӊында 288 адам жұмыс істейді, жалпы, құрылыс белгіленген жоспар шеӊберінде жүріп жатыр.

Холдинг Басшысы барып қайтқан ҚИК салып жатқан тағы бір нысан Желтоқсан көшесінде орналасқан. Бұл жалпы ауданы 4000,0 шаршы метрді құрайтын 70 пәтерлі тұрғын үйдіӊ құрылысы.

Қ. Бишімбаев Қызылорда қаласыныӊ Шұғыла ықшам ауданы Шүкіров көшесі бойындағы және "СПМК-70" тұрғын ауданында көпқабатты үйлердіӊ ірге тасын қалау рәсіміне де қатысты.

Осы объектілердіӊ құрылысын жүргізуге Холдингтіӊ еншілес ұйымы - "Бәйтерек девелопмент" АҚ жауапты болып табылады.

Шүкіров көшесі бойындағы төрт бес қабатты тұрғын үйдіӊ құрылысын 2016 жылғы сәуірде аяқтау жоспарланады. Осы нысандағы тұрғын үйдіӊ жалпы ауданы 13 423,6 шаршы метрді (4 үй, 230 пәтер) құрайды. Бүгінгі күні "Бәйтерек девелопмент" АҚ бас мердігер - "Жабдыктау" ЖШС-мен шарт жасасты. Қазіргі сәтте нысандағы барлық дайындық жұмыстары аяқталды.

СПМК-70 ауданында бір 40 пәтерлі, үш 50 пәтерлі және үш 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады. Үйлерді тапсыру мерзімі - 2016 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Аталған объекті бойынша екі бас мердігер - "Интегрострой" ЖШС және "Техоснаска Ремсервис" ЖШС-мен шарт жасалды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны