02.09.2016, 14:56 3881

"Бәйтерек" холдингі Қытайдыӊ және халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеӊейтеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары қарсаӊында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Бейжіӊ қаласында бүгін бірқатар іскерлік келіссөздер өткізді.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары қарсаӊында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Бейжіӊ қаласында бүгін бірқатар іскерлік келіссөздер өткізді.

Ерболат Досаев Қытайдыӊ ірі мемлекеттік CITIC Group корпорациясыныӊ Президенті Ван Цзюнмен кездесті. Тараптар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өзектендендірілген бағдарламасы шеӊберінде бірлескен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін растады, деп хабарлады "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ерболат Досаевтыӊ Қытай Мемлекеттік банкініӊ вице-президенті Дин Сянгчунмен кездесуінде серіктес Қазақстанныӊ Даму Банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) арқылы "Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, тараптар адам капиталын дамыту маӊыздылығын атап өтіп, бірлескен тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасу белсенділігін арттыруды ұсынды.

Ерболат Досаевтыӊ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкініӊ (АИИБ) вице-президенті Ди Джей Пандианмен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар энергетика, көлік инфрақұрылымы мен азық-түлікті өӊдеу салаларындағы басым инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін ақпаратпен алмасу және жаӊа инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттілігін тілге тиек етті.

"Бәйтерек" холдингініӊ жаӊа құралдарын, оныӊ ішінде корпоративтік кепілдік беруді пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру уағдаластығына Ерболат Досаевтыӊ Қытайдыӊ "Эксимбанк" вице-президенті Юань Синйонгпен кездесуінде қол жеткізілді. Осыдан бұрын "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымдары қытайлық банкпен бірлесіп, мұнайды өӊдеу және металлургия саласындағы ірі индустриялық жобаларды табысты жүзеге асырған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны