28.07.2014, 20:02 6196

"Бәйтерек" ҰБХ" активтерінің көлемі 6 ай ішінде 2,1 трлн теңгені құрады

Холдингтің еншілес ұйымдары 32,7 млрд.теңге сомасына 7179 тұрғын үй займдарын берді, 54,3 млрд.теңге сомасына 15 жобаны қаржыландырды, құны 46,8 млрд.теңгені құрайтын 6 жобаны пайдалануға берді,1,7 млрд.теңге сомасына 17 экспорттық операцияны қолдады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. 6 айдың қорытындысы бойынша Холдинг активтерінің көлемі 2 113 449 млн.теңгені құрады, - деп холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Директорлар кеңесі мүшелеріне ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудиты жүргізілмеген алдын ала деректемелерге сәйкес, 6 айдың қорытындылары бойынша Холдинг активтерінің көлемі 2 113 449 млн.теңгені құрады. Бұл ретте, Холдинг табысы 73 775 млн.теңгені, ал таза кірістің көрсеткіштері - 11 851 млн.теңге құрады", - делінген хабарламада.

Холдингтің еншілес ұйымдары 32,7 млрд.теңге сомасына 7179 тұрғын үй займдарын берді, 54,3 млрд.теңге сомасына 15 жобаны қаржыландырды, құны 46,8 млрд.теңгені құрайтын 6 жобаны пайдалануға берді,1,7 млрд.теңге сомасына 17 экспорттық операцияны қолдады.

Мысалы, мынадай жобалар қаржыландырылды: "Toyota" лицензиясы бойынша автокөлік өндірісін кеңейту, Ақтөбе қаласында рельс-бөрене зауытының құрылысы, Қостанай қаласында сұрыпты прокат шығару зауыты, сонымен қатар, үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру бойынша лизингтік мәмілелер, трансформатор шығаратын зауытты жаңғырту және қуаттылығын ұлғайту және т.б.

Бүгінгі күні 13 екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 71 473 млн. теңгеге өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 290 жобасын мақұлдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны