25.08.2016, 16:44 3799

"Бәйтерек" ұлттық холдингі бірқатар польшалық компаниялармен ынтымақтаса бастайды

Қазақстан мен Польша мемлекет басшыларыныӊ қатысуымен Холдингтіӊ еншілес ұйымы "Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ мен Польша Мемлекеттік банкі, "Bank Gospodarstwa Krajowego" арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісім 300 млн EUR сомасына есептелген бірлескен жобаларды іске асыруды қарастырады.

Астана.25 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Польша Республикасына мемлекеттік сапары шеӊберінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев бірқатар құжаттарға қол қойды.

Қазақстан мен Польша мемлекет басшыларыныӊ қатысуымен Холдингтіӊ еншілес ұйымы "Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ мен Польша Мемлекеттік банкі, "Bank Gospodarstwa Krajowego" арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтті. Аталған келісім Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға және кеӊейтуге, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық экспорт пен польшалық тауарлар мен қызметтердіӊ өсуіне мүмкіндік беретін инвестицияларды тартуға бағытталған. Келісім 300 млн EUR сомасына есептелген бірлескен жобаларды іске асыруды қарастырады.

Қазақстан-Польша бизнес форумы барысында Холдингтіӊ еншілес ұйымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Польша кәсіпкерлікті дамыту агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім екі ел кәсіпкерлік мәселесін дамытуды, Қазақстан мен Польша кәсіпорындарын қолдауға бағытталған бірлескен халықаралық және ұлттық іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ өзара ақпаратпен алмасу салаларындағы ынтымақтастықты көздейді.

Сондай-ақ, Холдингтіӊ еншілес ұйымы "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" мен Польшалық KUKE экспорттық сақтандыру агенттігі арасында экспорттық-кредиттік операцияларды қолдау кезінде екінші рет сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасасылды.

Холдинг пен Польшалық KUKE экспорттық сақтандыру агенттігі арасында экспорттық-кредиттік операцияларды қолдау кезінде екінші рет сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Польша Даму министрлігініӊ жауапты хатшысы Радослав Домагалский - Лабедскимен және Польшалық KUKE экспорттық кредиттік сақтандыру жөніндегі компания басшысымен кездесулер өткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны