23.06.2009, 16:44 2666

Бақылаулар нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамадан жаппай ауытқу, кей кезде бұндай құжаты болмай-ақ құрылыс салу секілді оқиғалар анықталды - Омархан Өксікбаев

Біз бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жобалау-сметалық құжаттамадан жаппай ауытқу, кей кезде бұндай құжаты болмай-ақ құрылыс салуды бастау, құрылыс құнының бірнеше есеге өсуі және құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталмауы, құрылыс мерзімінің және объектілердің орналасқан жерлерінің бір өңірден екінші бір өңірге ауыстырылуын анықтадық.

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Біз бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жобалау-сметалық құжаттамадан жаппай ауытқу, кей кезде бұндай құжаты болмай-ақ құрылыс салуды бастау, құрылыс құнының бірнеше есеге өсуі және құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталмауы, құрылыс мерзімінің және объектілердің орналасқан жерлерінің бір өңірден екінші бір өңірге ауыстырылуын анықтадық. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Есеп комитеті төрағасының айтуынша, "елеулі бюджет қаражаты бюджет әкімшілерінің жауапсыздығынан, уақытында аяқталмаған объектілерде, яғни мердігерлік ұйымдардың есепшоттарында, толық жинақталмағандығынан және олар бойынша қызмет көрсететін мамандарының болмағандығынан орнатылмаған медициналық жабдықтарда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиттік және өзге де шоттарында игерілмей шоғырланып тұр және ол өз тиімділігін бермеуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны