12.12.2016, 15:49 4296

Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасыныӊ заӊсыз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаны заӊсыз көтеру оқиғаларын болдырмау туралы тапсырма берді.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаны заӊсыз көтеру оқиғаларын болдырмау туралы тапсырма берді.

"Бағаныӊ көтерілуіне қатысты мәселені біз қыркүйек айында талқыладық, бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, белгілі бір жұмыстар атқарылған. Асқар Исабекұлы (ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов), нарыққа қатысушылардыӊ сөйлеген сөздерін ескерумен олардыӊ пікірлерін ескеріп, ұсынылған тәсілдерді тағы бір қарастырып, сәйкес шешімдер түрінде ресімдеуге болады. Бұл жерде Үкімет нарықтық тетіктерді жауып тастайды деген сөз емес. Алайда жоғары бағаныӊ болуына жағдайлар туса, біз қолымызда бар монополияға қарсы заӊнама аясындағы құралдарды ескерумен, оныӊ жолын кесуіміз керек", - деді Б. Сағынтаев.

Еске салайық, Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаныӊ негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. Мәселен, бөлшек және көтерме саудада әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті үстеме бағаныӊ көлемін заӊды түрде бекіту, сонымен қатар халықтыӊ басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағалардыӊ "ұсынылатын" бағаларға сәйкессіздігін анықтауға белсенді тарту ұсынылды. Сонымен қатар, аймақтардағы азық-түлікті тұрақтандыру қорларыныӊ қазіргі жұмыс тәртібін жеӊілдету ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны