21.07.2017, 21:59 4414

Бақытжан Сағынтаев СҚО ірі кәсіпорындарыныӊ басшыларымен қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту және жаӊғырту мәселелерін талқылады

Ірі кәсіпорындардыӊ басшыларымен кездесуде технологиялық жаӊғырту мен өндірісті цифрландыру, қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Петропавловск. 21 шілде. Kazakhstan Today -Қазақстанныӊ еӊ ірі машина жасау кәсіпорындарыныӊ бірі "ПАМЗ" АҚ-ны аралау барысында даму мәселелері талқыланды, онда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ және энергетика салаларына жабдықтар дайындау, сонымен қатар қорғаныстық маӊызға ие өнімдерді әзірлеу үдерістерімен танысты.

Облыс әкімініӊ орынбасары Д. Жандарбек Бақытжан Сағынтаевты "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынныӊ қызметі мен даму келешегі туралы ақпараттандырды.

Ірі кәсіпорындардыӊ басшыларымен кездесуде технологиялық жаӊғырту мен өндірісті цифрландыру, қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Кеӊес барысында ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Қ. Ақсақалов, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ бас директоры Қ. Бишімов, "С. М. Киров атындағы зауыт" АҚ бас директоры М. Ибілмажинов, "ЗИКСТО" АҚ бас директоры В. Спицын, "Мұнаймаш" АҚ басқарма төрағасы С. Пушкарев, "КЖЗ" ЖШС директоры Н. Васильев және "Блок" ЖШС директоры А. Сысоев сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны