21.07.2017, 21:50 4258

Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданыныӊ Новоникольск ауылында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданыныӊ Новоникольск ауылындағы кездесуде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарыныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК дамыту жаӊа мемлекеттік бағдарламасыныӊ іске асырылу барысын талқылады.

Петропавловск. 21 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданыныӊ Новоникольск ауылындағы кездесуде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарыныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК дамыту жаӊа мемлекеттік бағдарламасыныӊ іске асырылу барысын талқылады.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасына сәйкес, Үкімет жұмысы Қазақстанныӊ аграрлық экспорттық өнімніӊ ірі өндірушісі ретінде қалыптасуы бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатта биылғы жылдыӊ басында АӨК дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда ауыл шаруашылығына қолдау көрсетудіӊ негізгі тетіктері қарастырылған.

Үкімет аталған саланыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасап жатыр. Соӊғы 5 жылда тікелей мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 3 есеге артты, астық түсімділігі мен еӊбек өнімділігін арттырудыӊ жүйелік шаралары қабылдануда. Субсидиялаудыӊ жаӊа үлгісін енгізу нәтижесінде сапалы тұқымдарды егу мен тыӊайтқыштарды қолдану көлемі 1,5 есеге өсті.

"Азық-түлік корпорациясы" АҚ экспорттық әлеуетті арттыру үшін сыртқы нарықтарда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету бойынша оператор ретінде қайта құрылды. Мемлекет басшысыныӊ уағдаластықтықтарыныӊ арқасында шетелдік нарықтар ашылуда, соныӊ қатарында ҚХР, БАИ, Иран және т. б. бар.

АӨК саласында мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістері оӊтайландырылып жатыр, құжаттардыӊ мерзімдері мен тізімдері қысқартылуда, қосарланушы рәсімдер жойылуда. Биыл субсидиялардыӊ үш түрін тағайындау үдерістерін автоматтандыру көзделген, келесі жылы жұмыс субсидиялардыӊ қалған 15 түрі бойынша аяқталады.

АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын бірінші жартыжылдықта іске асыру қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов баяндады. Ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайтылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерініӊ өндірісі 3,1%-ға, егіншілік шаруашылығы - 2,2%-ға ұлғайтылды. Осы кезеӊде азық-түлік өнімдерініӊ өндірісі 7,5%-ға өсті.

Облыста АӨК дамыту туралы СҚО әкімі Қ. Ақсақалов баяндады. Кеӊестіӊ өзекті тақырыптары бойынша "Мәмбетов және К" ТС бас директоры Е. Мәмбетов, ҚР Ет одағыныӊ төрағасы М. Бақтыбаев, ҚР Картоп өсірушілер және көкөніс өсіруші одағыныӊ төрағасы Қ. Бисетаев, ҚР Фермерлер одағыныӊ президенті И. Дарынов, "Қазақстанныӊ шошқа өсіру шаруашылықтары одағы" Қауымдастығыныӊ төрағасы В. Лим, "Зенченко және К" ТС директоры Г. Зенченко сөз сөйледі.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер импорт пен экспорттық саясат бойынша, мал шаруашылығындағы ветеринарлық қауіпсіздік, егін шаруашылығындағы субсидиялау мен сақтандыру, дизельдік отынмен және тыӊайтқыштармен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын енгізді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеӊес қорытындысын шығара отырып, ҚР ұлттық экономика министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге салық салу мәселесін пысықтауды, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялау тетіктерін жетілдіре түсу мәселелерін бақылауға алуды тапсырды. "ҚазАгро" холдингіне аграршылар ұсынған инвестициялық жобаларды қарау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны