02.04.2009, 17:54 3154

Баку қаласында Каспий аймақтық көлік ведомстволары басшыларының кездесуі өтті

Баку қаласында Каспий аймақтық көлік ведомстволары басшыларының кездесуі өтті

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов 2009 жылғы 2 сәуірде Изербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өткен Каспий аймағындағы көлік ведомстволары басшыларының бірінші аймақтық мәжілісіне қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуге қатысушылар қатарында Ресей Федерациясы, Изербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы және Түркменстанның көліктік ведомстволар басшылары бар.

Күн тәртібіндегі басты тақырыптар - ынтымақтастық мәселелері мен көліктік байланыстарды дамыту. Оның ішінде, кездесу барысында Каспий аймағындағы елдердің көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі, аймақтың транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында мультимодальды тасымалдарды кеңінен қолдану үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету және қосымша жүк легін тарту мәселелері көтерілді.

Баку мәжілісіндегі сөзінде Ибілғазы Құсайынов елімізде және көлік саласында дағдарысқы қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы, сондай-ақ ұлттық көліктік инфрақұрылымды дамытуға арналған жұмыстар жүйесі және әлемдік көліктік жүйеге кірігу әлеуеті туралы баяндады.

Мәжіліске қатысушылар аймақтағы халықаралық сауданың өсіп келе жатқандығын атап өтті. Мемлекеттер экономикасын дамытудаға көліктің орнын айта отырып, көлік ведомстволары басшылары көлік секторына инвестицияларды тартудың маңыздылығын баса айтты.

Мәжіліс барысында теңіз тасымалын жеңілдету үшін шара қолдану, темір жол - паром қатынастарын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, порттар инфрақұрылымын дамыту мәселелері де қарастырылды. Оның ішінде, кездесуге қатысушылар Каспий аумағындағы құрлықішілік мемлекеттер кемелерінің әлем мұхитына және одан кері еркін жүруін қамтамасыз етудің маңызды екенін айрықша атап өтті. Көрсетілетін көліктік қызметтердің тиімділігін арттыру, тасымал процесінің алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалану, көліктік-логистикалық орталықтарын құру және дамыту қажеттілігі жайлы да сөз қозғалды. Осыған орай, кездесуге қатысушылар көлік операторларының жұмысын жеңілдетуге, бар кедергілерді жоюға, көлік операциялары мерзімдерін қысқартуға, жүк тасымалының қауіпсіздігі мен бүтіндігін қамтамасыз етуге бағытталған ықпалды шараларды қолдануды қажет деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны