28.09.2009, 18:25 2798

Баку қаласында қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтеді

Баку қаласында қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтеді

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Баку қаласында 1 қазанда экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы жоспарланып отыр. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үкіметаралық комиссия отырысында қазақстан тарапынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрі Сауат Мынбаев, ал Изербайжан жағынан - АР Өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Алиев бастаған делегациялар қатыспақ.

Шара нәтижесінде екі ел нарығында қолайлы жағдай туғызуға, тауар түрлерін көбейтуге, орта және кіші бизнесті дамытуға өзаратиімді жобаларды жүзеге асыруға инвесторлар тарту және жолаушылар мен жүк тасымалын жандандыруды көздейтін хаттамаға қол қою жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны