27.03.2007, 19:18 3348

Бакуде астық терминалын пайдалануға беру салтанаты 4-сәуірде өтеді

БАКУ. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Бакуде Изербайжан - Қазақстан біріккен астық кәсіпорны "Баку астық терминалы" ААҚ-ын пайдалануға беру салтанаты 4-сәуірде өтеді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне акционерлік қоғамнан.

ААҚ атап өткендей, оның ашылу салтанатына Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысады, деп күтілуде.

"Қазіргі уақытта терминалдағы құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі аяқталған. Машиналар мен механизмдерді орнату және құрылғыларды жөндеу жұмыстары жалғасуда. 4-сәуірде Қазақстан Республикасының премьер-министрі бастаған үкімет делегацияларының қатысумен терминалдың ашылу салтанаты өтеді деп жоспарланған. Біз осы күні 3 мың тонна көлеміндегі қазақстандық астықтың бірінші партиясы тиеген кемені күтеміз",- деді ақпарат көзі.

Терминал ағымдағы жылдың тамыз айында толық күшімен жұмыс істейді деп жобалануда. "Біз үш-төрт ай ішінде терминалдың толық пайдалануға беріледі деп күтудеміз. Мұндау уақыт құрылғылардың толық тексеруден өтуі үшін, қабылдау, кемелерді жүктен босату және астықты тұтынушыларға жөнелту процессінің тұрақталуы үшін қажет",- деді сұхбаттасушы.

Ол сондай-ақ, 2007 жыл ішінде терминалдың жанында диірмен құрылысын салуды бастау жоспарланып отырғанын атап өтті. "Терминал аумағында ұн өндірісін салу жөніндегі бас шешім қабылданған. Сонымен қатар, ұн өндірісін салу жобасы мен дайындық жұмыстары басталып кеткен, және де бұл жұмыстарды Қазақстан жағынан қаржыландыру осы күнде жүзеге асты. Изербайжан жағынан бірқатар техникалық мәселелерді реттеу қажет. Сондай-ақ, құрылғыларды тасымалдаушыларды анықтаймыз, сонан кейін ғана сәйкес тендер жарияланып, нақты жұмыстар басталады. Құрылысты осы жыл ішінде бастауды жоспарлап отырмыз, бірақ әзірге нақты мерізімді атау қиын",- деп атап өтті терминалдағылар.

"Баку астық терминалы" ААҚ Изербайжан - Қазақстанның біріккен кәсіпорыны болып табылады. Ол Изербайжанның "Планета Л" және Қазақстанның "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ қатысуымен құрылған Терминал Говсаны аулында орналасқан. Терминал салу туралы шешім Изербайжанның президенті Ильхам Илиевтың 2004 жылдың көктеміндегі Қазақстанға ресми сапары барысында қабылданған. Терминалдың іргетасы Бакуде 2006 жылдың 6-мамырында қаланды. Жобаның құны 6 млн АҚШ долларын құрайды. Изербайжанның астыққа деген жылдық мұқтаждығы - 3 млн тоннадан асып жығылады, оның 1 млн-нан астамы импортталады.

Терминалдың қуаттылығы жылына 500-ден 800 мың тоннаға дейінгі астықты құрайды. Қазақстаннан астық Ақтау айлағынан теңіз арқылы тасымалданады. Кәсіпорынның іс-қызметі тек Изербайжанның астыққа деген мұқтаждығын қанағаттандырып қана қоймай, оны Грузия, Түркия және Солтүстік Африкаға экспорттауға мүмкіндік береді.

Изербайжандағы Қазақстан Республикасының елшілігінен Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне хабарлағандай, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың жұмыс сапарының бағдарламасы әзірге толық нақтыланған жоқ. Қазақстандық үкімет делегациясы Бакуге 3-сәуірде кешке келеді. Жұмыс сапарлары үш күнге созылады, сапар барысында Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Изербайжанның ресми тұлғаларымен, соның ішінде өзінің әзербайжандық әріптесі Артур Расиздамен кездеседі. Кездесу барысында көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сонымен қатар, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, Еуразиялық кеңістіктегі ынтымақтастықтың болашағы мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны