03.04.2007, 09:48 1225

Бакуде "Еуропалық одақ- Изербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі өтті

БАКУ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Еуропалық одақ Транскаспий газ құбырының құрылысына саяси және қаржылай қолдау көрсетуге дайын, атап айтқанда демеуші болуға әзір. Бұл жөнінде Бакуде Каспий теңізі-Қара теңіз-Еуроодақ" энергетикалық дәлізін құру мәселесі бойынша өткен "Еуропалық одақ- Изербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі барысында ЕО өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінң тілшісі.

Баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз өткен отырысқа Изербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Илиев, Грузияның энергетика министрі Ника Гилаури, Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігі газ депатраментінің басшысы Анарбек Тұланбеков және ЕО өкілдері қатысты.

Изербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Илиев газды Изебайжан арқылы Еуропаға тасымалдау мәселесі бойынша тек Қазақстан және Түркменстнмен ғана емес , Ресей және Иранмен де ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Министрлікте атап өткендей, кездесу барысында Түрікменстанның өңделіп сұйытылған газының Изербайжан арқылы Еуропаға тасымалдануы үшін Қазақстанға жөнелту мәселелері, Транскаспий газ құбыры құрылысы жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері , аймақтық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар, Изербайжан мен Грузия арасындағы электр және газ желілерін қайта жөндеуден өткізіп, Изербайжандағы жер асты газ қоймаларының қуатын арттыру мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны