16.06.2008, 17:35 2753

Бакуде қыркүйек айында бірлескен халықаралық түрікмен-әзербайжан мұнай-газ конференциясы өтеді

Бакуде қыркүйек айында бірлескен халықаралық түрікмен-әзербайжан мұнай-газ конференциясы өтеді

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде үстіміздегі жылдың қыркүйек айында бірлескен халықаралық түрікмен-әзербайжан мұнай-газ конференциясы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Түрікменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігіне (TDH) сілтеме жасай отырып.

TDH ақпаратына сүйенсек, Түрікменстан президенті биылғы жылдың қыркүйек айының алғашқы жартысында Изербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында бірлескен Халықаралық мұнай-газ конференциясына дайындық және оны жүргізу бойынша жұмыс тобын құру жөнінде жарлық шығарған.

"Бұл қаулы Түрікменстан президентінің Изербайжан Республикасына тарихи сапары барысында қабылданған шешімдерді орындау, сондай-ақ, Түрікменстан мен Изербайжанның мұнай-газ кешендері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мақсатында шығарылған", - деп атап өтілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны