20.06.2008, 13:07 2298

Бакуде "Изербайжан мен Түрікменстанның мұнай және газ әлеуеті: энергетика, экономика, экология" атты халықаралық конференция өтеді

Бакуде "Изербайжан мен Түрікменстанның мұнай және газ әлеуеті: энергетика, экономика, экология" атты халықаралық конференция өтеді

Баку. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде қыркүйек айында "Изербайжан мен Түрікменстанның мұнай және газ әлеуеті: энергетика, экономика, экология" атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Изербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевтың Бакуде Түрікменстан президентінің жанындағы мұнайгаз ресурстарын басқару және пайдалану жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Байрам Мурадовпен кездесінде атап көрсеткеніндей, Изербайжан энергетика саласында Түрікменстанмен арадағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуден мүдделі.

Аталған конференцияны өткізу жөнінде Изербайжан президенті Ильхам Илиевтің бұйрығы шықты. Бірлескен мұнайгаз конференциясын өткізу туралы уағдаластыққа Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтың мамыр айындағы бірінші мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны