30.05.2007, 16:56 3109

Баку-Супса мұнай құбырын жөндеуге 22,5 млн доллар жұмсалады

БАКУ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Баку-Супса мұнай құбырын жөндеуге 22,5 млн доллар жұмсалады. Бұл туралы BP-Azerbaijan компаниясының жердегі операциялар жөніндегі вице-президенті Рашид Джаваншир кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"2006-2007-жылдарда Баку-Супса мұнай құбырының Грузияға қарасты бөлігін жөндеуге 16,5 млн доллар көлемінде күрделі қаржы қарастырылған. Грузия аумағында, мұнай құбырының қазіргі маршрутына таяу аумақта көшкін жүру қаупі болуға байланысты Застрафони атты жерде 1 шақырымға созылатын айналма учаскені тартуға тағы 6 млн доллар қажет",- деді Д.Джаваншир.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны