28.01.2015, 09:46 4210

Баламалы энергетика саласында бірлескен кәсіпорындарды Қазақстанда құру мүмкіндіктері Қатарда талқыланды

"Qatar Solar Enerqy" иелігінде күн элементтерін өндіретін 300 мегават қуатты зауыт бар. Бірлескен кәсіпорынныӊ құрылуы "Solar City" офтейк келісімшартты орындау үшін ресурстар біріктірілуін көздейді .

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылы 25-26 қаӊтарда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Н. Қаппаров бастаған қазақстандық делегация Доха қаласына сапармен келіп, "Qatar Solar Enerqy" (Қатар) және "Solar City" (АҚШ) компаниялары басшылығымен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында жаӊартылмалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастық және күн панельдеріне арналған элементтер жасау бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселелерініӊ аспектілері талқыланды. Бұл салада Қазақстанда бар кварц және фотовольтаика инфрақұрылымы мен зауытыныӊ ресурстарын пайдалану көзделген. Бұл туралы www.mfa.kz сайтында хабарланды

"Qatar Solar Enerqy" иелігінде күн элементтерін өндіретін 300 мегават қуатты зауыт бар. Бірлескен кәсіпорынныӊ құрылуы "Solar City" офтейк келісімшартты орындау үшін ресурстар біріктірілуін көздейді .

Осы орайда, үш компанияныӊ басшылары мен Қатардағы ҚР Елшісі А. Шоқыбаев Қатар Мемлекетініӊ Премьер-Министрі, Ішкі істер министрі Шейх Абдалла бен Насер бен Халифа Ил-Танимен кездесіп, аталған жобаныӊ болашағын және қазақстан-қатар қатынастарыныӊ өзге де өзекті мәселелерін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны