20.05.2010, 15:39 4284

Балхаш ЖЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесін тұрақтандырушыға айналуы тиіс

Балхаш ЖЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесін тұрақтандырушыға айналуы тиіс

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Балхаш ЖЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесін тұрақтандырушыға айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Еуразиялық Даму банкінің экономикалық талдау және консалтинг бөлімінің бастығы - талдау басқармасы бастығының орынбасары Евгений Винокуров Қазақстан бойынша жыл сайынғы Fitch Ratings конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өзбекстан желтоқсан айында Орталық Азияның Біртұтас энергетикалық жүйесінен шықты. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірі үшін, нақ осы Орталық Азияның Біртұтас энергетикалық жүйесінің болуы арқылы энергетикамен қамтамасыз етіліп келген Қазақстанның ең қуаттан тапшылық көріп отырған өңірі үшін кері ықпалын тигізбек. Сол себепті Балхаш Жылу электр станциясын мерзімінде салып бітіру қуаттылықты ұлғайтуда ғана емес, Қазақстанның энергетикалық жүйесін тұрақтандырушы станция ретінде де аса маңызды", - деді Е. Винокуров.

Осы орайда оның айтуынша, "дағдарыс Қазақстанға энергетикалық тапшылық тұрғысына біраз кеңшілік берді". "Қуат тұтыну көлемінің 2009 жылы алты пайызға азаюы Қазақстанға қуаттылықты арттыру тұрғысынан қажетті мұрсатты берді", - деді ол.

Дегенмен, оның айтуынша, 2013 - 2014 жылдары энергетикалық тапшылық проблемасы қайта бой көрсетуі мүмкін. "Оны еңсерудің жолдары түсінікті : бұл - Екібастұз станцияларында жаңа энергоблоктар салу, Екібастұздағы 1-ші ГРЭС-ті терең модернизациялаудан өткізу, Мойнақ СЭС толық салып бітіру және Балхаштағы ЖЭС аяқтау", - деді Е. Винокуров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны