28.03.2013, 14:11 3593

Балқаш ЖЭС-інің негізгі нысандарының құрылысы 2013 жылдың соңында басталуы мүмкін

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш жылу электр стансасына қатысты келісім жөнінде баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау осылай мәлім етті.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Балқаш ЖЭС-інің негізгі нысандарын салуға ағымдағы жылдың аяғына таман кірісуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш жылу электр стансасына қатысты келісім жөнінде баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау осылай мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, келісім ережелері жоба инвестициясы қайтарылымдылығының оңтайлы үлгісін қалыптастыруға, құрылысты жобалық қаржыландыруға жағдай жасайды. Бұдан бөлек, келісімде салық режимінің тұрақтылығы қарастырылады. Инвестициялық жеңілдіктер де көзделеді.

"Бүгінгі таңда нысанда дайындық кезеңге қатысты жұмыстар атқарылуда. Ол жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Жобалық-сметалық құжат әзірлену үстінде. Оның мемлекеттік сараптамасын 2013 жылдың тамызында аламыз деп отырмыз. Осылайша, Балқаш ЖЭС-інің негізгі нысандарын салуға ағымдағы жылдың аяғына таман кірісуге мүмкіндік бар. Бұл ретте жобалық компанияның жарғылық қорын қалыптастыруға қатысты несие қаржыларын тарту көзделеді. Бұл үшін аталмыш келісімді қабылдауымыз керек", - дейді А. Рау.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асырудың қазіргі кестесіне сәйкес, 660 мегаватт қуатты құрайтын бірінші модульдің бірінші блогын іске қосу 2017 жылдың қазанына жоспарланады. "1 320 мегаватты құрайтын бірінші модульді тұтастай іске қосу 2018 жылдың сәуіріне жоспарланып отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны