13.05.2009, 17:52 2935

Балқаш Жылу электр станциясын салуда KEPKO компаниясы Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан жұмысшылар тартпақ ниетте

Балқаш Жылу электр станциясын салуда KEPKO компаниясы Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан жұмысшылар тартпақ ниетте

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Балқаш" Жылу электр станциясы" жобасын жүзеге асыруда KEPKO компаниясы Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан жұмысшылар тартпақ ниетте. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында KEPKO компаниясының президенті Санг Цу Ким мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Балқаш Жылу электр станциясын салуда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінен жұмысшы тартуға бар күшімізді салатын боламыз", - деді Санг Цу Ким.

Оның айтуынша, "KEPKO компаниясы жұмысшыларды белсене оқытып, өздері жинақтаған тәжірибесі мен технологияларымен алмасатын болады".

Бұған қоса, аталған нысанды салуға ауқымды капитал тарту тәуекеліне байланысты КЕРКО жобалық қаржыландыру жүйесін қабылдамақшы. "Бұған қоса біз электр үнемдеу жөніндегі келісімге келу, электр қуатын сатып алу жөніндегі келісімге және электр станциясын салу жөніндегі келісімге қол қол мәселелерін шешуіміз қажет", - деді ол.

Бұған қоса KEPKO президенті атом электр станцияларының жұмыс істеуі үшін Қазақстанна уран алуға қызығушылық білдірді. "Қазіргі таңда KEPKO 20 атом электр станциясын басқарады, 8 станция салынып жатыр, ал 2030 жылдың аяғына таман бұдан да көп станция салынады. Осыған байланысты KEPKO үшін сенімді уран жеткізілімін қамтамасыз ету - шешуші мәселе", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны