25.09.2012, 12:01 3654

Балқаштағы катодты мыс зауыты 5 ай ішінде 3400 тонна өнім шығарды

"Қоңырат ауылындағы "Сары Қазына" ЖШС катодты мыс зауыты да Балқаш аймағының экономикалық дамуына өз үлесін қосып отыр. Зауыт басшылығының ақпараты бойынша, бұл кәсіпорын жұмысқа кіріскен бірінші айдан-ақ жоспарланған жобалық қуаттылыққа шыққан. Ағымдағы жылдың мамыр мен қыркүйек айларында шығарылған тауар көлемі 3400 тонна катодты мысты немесе тәулігіне 30 тоннаны құрады", - делінген хабарламада.

Балқаш. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қоңырат ауылындағы "Сары Қазына" ЖШС-ның ағымдағы жылдың мамыр мен қыркүйек айлары аралығында шығарған өнім көлемі 3400 тонна катодты мысты құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қоңырат ауылындағы "Сары Қазына" ЖШС катодты мыс зауыты да Балқаш аймағының экономикалық дамуына өз үлесін қосып отыр. Зауыт басшылығының ақпараты бойынша, бұл кәсіпорын жұмысқа кіріскен бірінші айдан-ақ жоспарланған жобалық қуаттылыққа шыққан. Ағымдағы жылдың мамыр мен қыркүйек айларында шығарылған тауар көлемі 3400 тонна катодты мысты немесе тәулігіне 30 тоннаны құрады", - делінген хабарламада.

Кәсіпорын ақпараты бойынша, зауытта 160 адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта "Сары Қазына" ЖШС кәсіпорны Шығыс Қоңырат бұрынғы кен орнының ауданында келешекте катодты мыс өндіру бойынша екінші зауыттың құрылысы үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Балқаш қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары 8 ай ішінде 188 млрд теңгеден астам көлемде тауар өнімін шығарған. Бұл облыстық өнеркәсіптік кәсіпорын көлемінің 22%-нан асады. Негізгі капиталға 7,5 млрд теңге инвестиция салынған - бұл өткен жылғы деңгейден бір жарым есе артық.

Қалалық бюджетке 1 млрд 888 млн теңге түсті немесе жоспардың 106%-ы. Шағын бизнес те қарқынды дамып келеді. Бұл салада жыл басынан бері 7 млрд теңгеге (2011 жылдың сәйкес мерзіміне 108,6%) өнім шығарылып, жұмыстар жасалған және қызмет көрсетілген.

Экономиканың осы саласында жұмыс істейтіндердің де саны артты. Құрылыста тұрғын үй бойынша 8 айдың жоспары орындалып қойды. Халықты әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларында да оң өзгеріс байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны