01.12.2012, 12:56 2444

"Банк Kassa Nova" АҚ облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазандағы шешімімен ""Банк Kassa Nova" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E359 (KZ2C00001881, 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 3 жыл, жылдық 9,00 % жартыжылдық купон, 30/360 облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Банк Kassa Nova" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03E359 (KZ2C00001881, KSBNb1) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша биржада листинг процедурасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазандағы шешімімен ""Банк Kassa Nova" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E359 (KZ2C00001881, 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 3 жыл, жылдық 9,00 % жартыжылдық купон, 30/360 облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.

"Банк Kassa Nova" АҚ қаржылық кеңесшісі "JAZZ CAPITAL" брокерлік үйі АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "JAZZ CAPITAL" брокерлік үйі АҚ (Алматы) болып табылады.

"Банк Kassa Nova" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) KSBNb1.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны