23.06.2009, 13:12 1163

Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылады - Жәмішев

Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылады - Жәмішев

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылады. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының жалпы отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылуы да әбден мүмкін", - деді Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, "Қазақстанның құнсызданған активтер қоры құрылған кезде ондағы қаржы екінші деңгейлі банктердің несиелік қоржынын жақсартуға бағытталады деп көзделді. Үкімет бұл қаржыны өз мақсатында пайдаланбақ ниетте болған".

"Мен қордың қаражаты бастапқыда жарияланған мақсатта пайдаланылмады дегенмен толық келісемін", - деді қаржы министрі.

Ол осы орайда "бұл қаржы ешқайда жоғалған жоқ", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны