23.06.2009, 13:26 1189

Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылады - Жәмішев (толықтырылған)

Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылады - Жәмішев (толықтырылған)

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылады. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының жалпы отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Банк саласындағы ахуал тұрақтанған жағдайда Қазақстанның құнсызданған активтер қорының қаражаты бюджетке қайтарылуы да әбден мүмкін", - деді Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, "Қазақстанның құнсызданған активтер қоры құрылған кезде ондағы қаржы екінші деңгейлі банктердің несиелік қоржынын жақсартуға бағытталады деп көзделді. Үкімет бұл қаржыны өз мақсатында пайдаланбақ ниетте болған".

"Мен қордың қаражаты бастапқыда жарияланған мақсатта пайдаланылмады дегенмен толық келісемін", - деді қаржы министрі.

Ол осы орайда "бұл қаржы ешқайда жоғалған жоқ", деп атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкіметте 2008 жылдың 21 шілдесінде өткен селекторлық кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Қаржы министрлігіне, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне және Иділет министрлігіне Ұлттық банкпен және Қаржылық қадағалау ұйымымен бірлесе отырып 1 аптаның ішінде құнсызданған активтер қорын құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды".

Ал сол жылдың қыркүйек айында еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев құнсызданған активтер қорына бюджеттен $1 млрд , нарықтан - $5 млрд енгізу көзделуде деп мәлімдеді.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында 2008 жылдың 1 қарашасында құнсызданған активтер қорын құру туралы қаулы қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны