24.09.2009, 16:58 3179

Банк секторы үкімет тарапынан артықша реттеуді қажетсінуде - Кәрім Мәсімов

Банк секторы үкімет тарапынан артықша реттеуді қажетсінуде - Кәрім Мәсімов

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Банк секторы үкімет тарапынан артықша реттеуді қажетсінуде. Бұл туралы Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін бизнес-форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәрім Мәсімовтың атап өтуінше, бұған дейін көптеген елдер "үкімет банк секторын барынша аз реттеуге тиіс" деп пайымдады. "Алайда кейінгі жылдарда халықаралық нарықтарда байқалған ағымдар мемлекеттің банк секторын артықша реттеуі қажет екенін көрсетіп берді. Біз ғаламдық рыноктарда не болатынын байқастаймыз және осы ағымға бағынатын боламыз", - деді премьер-министр.

"Біз "Үлкен жиырмалықтың" келесі аптадағы кездесуі барысында қандай шешім қабылданатнын және үкіметтер мен халықаралық қоғамдастық тарапынан банк секторына қатысты қандай шаралар қолданылатынын қарайтын боламыз", - деді ол.

"Проценттік ставкалар мен олардың төмендетілуі жайлы сөз қозғайтын болсақ, жақсы макроэкономикалық жағдайлар жасау арқылы нарықтық тетіктердің жолымен ғана проценттік ставкаларды сақтап қалуға болады", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны