05.09.2012, 13:41 3016

Банкілердің экономиканы несиелендірудің жалпы көлемі шілде айында 0,4 пайызға өсті

Шілдеде банктердің экономиканы несиелеуінің жалпы көлемі 9289,3 млрд. теңгені құрап, 0,4 пайызға ұлғайды. Бұл ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Алматы. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Банкілердің экономиканы несиелендірудің жалпы көлемі шілде айында 0,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шілдеде банктердің экономиканы несиелеуінің жалпы көлемі 9289,3 млрд. теңгені құрап, 0,4 пайызға ұлғайды. Бұл ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Бас банкирдің айтуынша, шілдеде ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6292,1 млрд. теңгеге дейін 1 пайызға өсті. Шетел валютасындағы несиелердің көлемі 6292,1 млрд. теңгені құрап, 0,8 пайызға төмендеді. Теңгедегі несиелердің үлес салмағы 67,3-тен 67,7 пайызға дейін ұлғайды. Шілдеде ұзақ мерзімді несиелеу - 1,7 пайызға өсіп, қысқа мерзімді несиелеу - 3,5 пайызға төмендеді. Соның нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлесі маусыммен салыстырғанда 80,8-ден 81,5 пайызға артып отыр. Шілдеде заңды тұлғалардың несиесі 0,3 пайызға төмендеп, жеке тұлғалардың несиесі 2,3 пайызға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 0,5 пайызға ұлғайып, экономикаға берілген несиелердің 14,7 пайызын құрады. Банк несиелерінің 19,8 пайызы сауда, 14,9 пайызы құрылыс, 12,1 пайызы өнеркәсіп, 3,9 пайызы көлік, 3,1 пайызы ауыл шаруашылығы салаларына берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны