26.05.2010, 17:37 3257

Банкроттық саладағы уәкілетті орган мен "Атамекен" Одағы жеке кәсіпкерлікті сауықтыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Банкроттық саладағы уәкілетті орган мен "Атамекен" Одағы жеке кәсіпкерлікті сауықтыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті мен "Атамекен" Одағы жеке кәсіпкерлікті сауықтыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Атамекен" Одағы" Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар халықаралық тәжірибені ескере отырып, оның қолдану тиімділігін арттыру, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпорындардың қаржылық сауықтырылу, кредиторлар мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізуге және банкроттық саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында бірлесіп күш - жігер жұмсауға келісті.

Бекітілген меморандум аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша ақпараттандыру дәрежесін арттыру шараларын өткізу, сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс - шаралар ұйымдастыру қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны