09.04.2008, 16:24 3472

Банкроттық саласындағы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті 35 млрд теңге көлеміндегі несиелік берешекті өтеу мүмкіндігіне қол жеткізді - ҚР Қаржы министрлігі

Банкроттық саласындағы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті 35 млрд теңге көлеміндегі несиелік берешекті өтеу мүмкіндігіне қол жеткізді - ҚР Қаржы министрлігі

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Банкроттық саласындағы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті құрылған сәт - 2001 жылдың қарашасынан бері банкроттық саласындағы қызметпен айналысатын тұлғалар 35 млрд теңге көлеміндегі несиелік берешекті өтеу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл туралы бүгін "Дағдарысқа қарсы басқарушылардың ролі мен орны және банкроттық институтын жетілдіру" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында комитет төрағасының орынбасары Донат Байымбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Банкроттық саласындағы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті құрылған сәттен бері 16,5 мыңнан астам дәрменсіз борышкерлер жойылды. Осы орайда 17,2 млрд теңгенің әлеуметтік кезектері бойынша несиелік берешек өтелді. Басқа кредиторлардың 18,5 млрд теңге көлеміндегі талабы өтеліп, бюджетке 20 млрд теңгеден астам қаржы құйылды", -деді Д. Байымбетов.

Оның айтуынша, комитет аккредитациялаған тұлғалар осы уақытта 146 ұйымда сауықтыру процедураларын жүргізіп, тағы да 41 ұйым "сыртқы бақылау процедурасына қамтылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны