21.12.2012, 16:12 2717

Банктер тобы Kazakhmys-қа LIBOR+2,80%-дық $1 млрд несиелік желіні ұсынды

Қазақмыс тобы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде экспорталды несиелік желіні ұсыну туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Банктер тобы Kazakhmys-қа LIBOR+2,80%-дық $1 млрд несиелік желіні ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақмыс тобы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде экспорталды несиелік желіні ұсыну туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Бес жылдық мерзімге берілген несиелік желі Компанияның өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларын іске асыру кезеңінде қосымша өтімділікті қамтамасыз етеді және жалпы корпоративтік мақсаттарға пайдаланылатын болады. Жаңа несие 2013 жылдың ақпан айында толығымен өтелетін 2,1 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі ағымдағы несиелік желінің орнын басады.

Несиелік желіні ұсынған банктер: Bank of China, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Deutsche Bank AG, ICBC (Лондон, Алматы), ING Bank, Natixis, Soci?t? G?n?rale, Sumitomo Mitsui Banking Corporation және UniCredit - уәкілетті жетекші несие ұйымдастырушылар ретінде, сондай-ақ Bank of America Merrill Lynch, Citibank, Cr?dit Agricole CIB, JP Morgan және The Royal Bank of Scotland ұйымдастырушылар ретінде. Мәміленің жүргізілуіне басшылық жасаған Deutsche Bank AG, ал несие бойынша сенімгер басқарушы болған ING Bank.

Несие бойынша қаражат бір жылдың ішінде қолжетімді болады, ал қарыздың негізгі сомасын өтеу 2015 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жылдың желтоқсан айында толық өтелгенше үш жыл бойы жүзеге асырылып отырады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме Лондон нарығындағы банктер аралық несиелердің 2,8 пайыздық маржасымен LIBOR ставкасына сәйкес келеді.

Қазақмыс ПЛС Бас қаржылық директоры Мэтью Херд өз сөзінде былай деді: "Біз бизнесіміздің тұрақтылығын көрсететін қолайлы шарттармен беріліп отырған жаңа несиелік желіні алғанымызға қуаныштымыз. Несиелік желі алдағы үш жыл ішінде өндірісімізді ұлғайтуға бағытталған ірі жобаларымыздың жүзеге асырылуына қарай бізді қаржы тарту ісінде қосымша икемділікпен қамтамасыз етеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны