22.07.2014, 19:48 4257

Банктерді қаржылық қолдауға Проблемалы кредиттер қоры шамамен 250 млрд теңге бөледі

Банктерді қаржылық қолдауға Проблемалы кредиттер қоры шамамен 250 млрд теңге бөледі, - деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Үкіметтің отырысына арналған брифингінде.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Банктерді қаржылық қолдауға Проблемалы кредиттер қоры шамамен 250 млрд теңге бөледі, - деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Үкіметтің отырысына арналған брифингінде.

"2030 жылға дейінгі елдің қаржылық секторын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Проблемалы кредиттердің деңгейін төмендету күтілуде. Осы орайда дамыған елдерде "Проблемалы кредиттер" бүкіл несиелік портфельдің шамамен 10%-ын құрайды. Оңтүстік Қазақстан мен Сингапур елдерінде бұл көрсеткіш 1 пайыз болса, Ресейде 6 пайыз, Қазақстанда 33 пайызды құрайды", - дейді бас банкир.

Осыған орай Қайрат Келімбетовтың айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш көрсеткішті 10 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Атап айтар болсақ, Үкімет үмітсіз несиелерді азайту мүмкіндіктерін жеңілдету үшін салық заңнамасына өзгерістер жобасын дайындады.

Оның айтуынша, бұл жаңалық пруденциалдық норматив түрінде күтілуде (Пруденциалдық норматив - ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған заңнама тарапынан орнатылатын экономикалық талаптар). "Егер бұл норматив орындалмайтын болса, біз лицензияны қайтарып аламыз. Бір жағынан біз қор арқылы қаржылық қолдау көрсетеміз", - дейді Қ.Келімбетов.

Проблемалы кредиттер қорына 250 млрд теңге бөлінді. "Жыл соңына дейін бюджетті мақұлдағаннан кейін біз оны алып, тиісінше, банктерге топтастырамыз. Бұл бәрінен бұрын Казком, БТА, АТФ және Альянс банктері", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны