19.06.2008, 10:18 1586

Банктердің кепілге қойылған пәтерлерді сатуы Қазақстан экономикасын құлдыратуы мүмкін - сарапшы

Банктердің кепілге қойылған пәтерлерді сатуы Қазақстан экономикасын құлдыратуы мүмкін - сарапшы

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Банктердің кепілге қойылған пәтерлерді сатуы Қазақстан экономикасын құлдыратуы мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының вице-президенті әрі Қазақстанның бағалаушылар қауымдастығы кеңесінің төраға орынбасары Александр Калинин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір біздің елдегі ең үлкен проблема - бұл банкте кепілде тұрған жылжымайтын мүлік. Осы кепілдерді жүзеге асыруда банктер өздерін қалай ұстаса, жылжымайтын мүлік нарығы да солай қалыптасары сөзсіз. Банктерде 100 мыңнан астам проблемалы қайтарылмаған несиелер, қайтарылмаған пәтерлер. Банктер ол пәтерлерді нарықтық құнынан 10, 15, 20 пайызға арзан сатуға келісетіндерін айтуда", - деп хабарлады А. Калинин. Оның айтуынша, кепілде тұрған пәтерлерді жылжымайтын мүлік нарығына жаппай шашып жіберу тек осы нарықты ғана емес, бүкіл Қазақстан экономикасын да тақырға отырғызуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны