08.12.2015, 15:21 3797

Барлық актив түрлерініӊ бағасы теӊге бойынша көрсетіледі - Ұлттық банк

Қазақстандық экономикада теӊгеніӊ рөлін көтеру үшін экономикалық ынталандыру шаралары ғана емес, өзге кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық экономикада теӊгеніӊ рөлін көтеру үшін экономикалық ынталандыру шаралары ғана емес, өзге кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәселен, активтердіӊ барлық түріне баға беру тек теӊгеде ғана жүзеге асырылады. Ақышев атап өткендей, осы сынды бастамалар Ұлттық банк пен Үкіметтіӊ тығыз жұмысыныӊ арқасында ғана жүзеге асады.

Жүргізілетін шаралар аясында мәлім болғаны, Ұлттық банк қызметі қоғамға, қаржы мекемелеріне және меморгандарға жеткізіледі, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны