13.08.2008, 17:14 2983

"Бәсекелестік туралы" жаңа заңның жауапкершіліктен босату туралы нормасы заң бұзушылықтармен тиімді күресуге септігін тигізеді - Еуропалық қайта құру және даму банкі

"Бәсекелестік туралы" жаңа заңның жауапкершіліктен босату туралы нормасы заң бұзушылықтармен тиімді күресуге септігін тигізеді - Еуропалық қайта құру және даму банкі

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" -"Бәсекелестік туралы" жаңа заңда қарастырылған бәсекелестікке қарама-қайшы әрекеттерге қатысушылар шынайы өкініш білдіріп, тергеуге көмек көрсеткен жағдайда жауапкершіліктен босату туралы норма заң бұзушылықтармен тиімді күресуге септігін тигізеді. Бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Жан Альберт осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы алғанда заңның жаңа нұсқасы біршама ілгерілетілген. Онда көптеген халықаралық стандарттар қарастырылған. Соның ішінде жауапкершіліктен босату туралы норманы айрықша атап өту керек. Ол Қазақстан нарығында бәсекелестікті мейлінше дамытуды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді банк өкілі.

"Монополияға қарсы ұйым осындай өкінген қатысушылардың көмегімен тергеу барысында алуға келмейтін мәліметтерді жинай алады", - деді ол.

Оның айтуынша, осындай тәжірибе "көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ, ЕО елдері, Жапония мен Сингапурда қолданылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны