14.09.2016, 18:30 3315

Басым жобаларды іске асыруға 379,9 млрд. теӊге көлемінде қосымша қаражат бөлінеді

Басым жобаларды іске асыруға 379,9 млрд. теӊге көлемінде қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Басым жобаларды іске асыруға 379,9 млрд. теӊге көлемінде қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

"Мемлекет басшысыныӊ ағымдағы жылғы 1 шілдеде және 9 қыркүйекте өткен кеӊесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында басым жобалар мен іс-шараларды іске асыруға 379,9 млрд. теӊге көлемінде қосымша қаражат бөлу ұсынылады. Оныӊ ішінде 283,4 млрд. теӊгені өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және экономикалық өсуді ынталандыруға ескеріліп отыр",-деді министр.

Сонымен қатар бұрын бекітілген бюджет қаражатын қайта бөлу және 96,5 млрд. теӊге мөлшерінде қосымша қаражат бөлуді ескере отырып, басқа да басым шығыстарды қосымша қаржыландыру ұсынылды.

"Бұл ретте, Ұлттық қордыӊ айтарлықтай төмендеуіне жол бермеу мақсатында 2016 жылы кепілдендірілген трансферттіӊ мөлшерін 2 трлн. 880 млрд. теӊгеден 2 трлн. 479,7 млрд. теӊгеге дейін қысқартып, кепілдендірілген трансфертті 400,3 млрд. теӊгеге аз көлемде тарту ұсынылады",-деп атап өтті Қ. Бишімбаев.

Бұдан бөлек ол бюджет тапшылығы бекітілген 902,7 млрд. теӊге немесе ЖІӨ-ге қатысты 2 пайыз деӊгейінде сақталғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны