02.12.2018, 13:57 4390

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша 730 миллион теӊгеніӊ өтінімі қабылданды

Оныӊ ішінде сомасы 257 миллион теӊге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімніӊ 14-ін Астана тұрғындары берген. Қазақстан бойынша ипотекалық кредиттіӊ орташа сомасы 8,5 млн теӊгені құраса, Астана қаласы бойынша орташа сома 11 млн теӊге шамасында.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - 80 қазақстандық "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша кредит алуға өтінім жасады деп хабарлайды "Баспана" Ипотекалық ұйымы.

Оныӊ ішінде сомасы 257 миллион теӊге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімніӊ 14-ін Астана тұрғындары берген. Қазақстан бойынша ипотекалық кредиттіӊ орташа сомасы 8,5 млн теӊгені құраса, Астана қаласы бойынша орташа сома 11 млн теӊге шамасында.

Баспана Хит азаматтарға 11% жылдық үстемемен бұған дейін қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді (пайыз мөлшерлемесі Ұлттық Банктіӊ базалық мөлшерлемесіне тәуелді). Дәл қазіргі уақытта барлық өтінімдер "Цеснабанк" АҚ тарапынан қабылданып, мақұлданды.

Бүгінгі күннен бастап "Қазақстан Халық банкі" АҚ Баспана Хит бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға кірісті. Сондай-ақ алдағы желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк сонымен бірге "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларын бір уақытта іске қоспақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны