08.12.2012, 16:22 3179

Баспана сатып алу сұранысы ұсыныстан 1,5-2 есеге артық

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева осылай мәлім етті.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Баспана сатып алу сұранысы ұсыныстан 1,5-2 есеге артық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен" АҚ бойынша баспана сатып алуға сұраныс ұсыныстан 1,5-2 есеге дейін артық болып отыр.

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева осылай мәлім етті.

Басқарма төрайымының айтуынша, ағымдағы жылы "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы бекітілген соң, осы бағдарлама аясында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 4,4 миллиард теңге сомасына несиелер беріп үлгерген.

"Қазіргі уақытта салынып жатқан 7 883 пәтерді сатып алуға 12 мыңға жуық өтініш түсті. Яғни, осы тұрғын үйлерге сұраныс ұсыныстан 1,5 есе, ал Алматы, Астана қалаларында 2 есе артық болып отыр. Жалпы, бүгінгі таңда бағдарламада көзделген тұрғын үйді пайдалануға берудің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізілмегенін атап айту қажет. Мәселен, жергілікті атқару органдармен жасалған келісімдер бойынша 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, жалпы ауданы 251 мың шаршы метр 3 840 пәтерлік 62 үй пайдалануға берілуі тиіс болса, нақты іс жүзінде жалпы ауданы 108 мың шаршы метр 1 573 пәтерлік 25 үй пайдалануға берілді", - дейді Н. Наурызбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны