11.07.2017, 16:01 6195

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушыныӊ жобасы қаржыландырылды

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы ауылдыӊ 367 азаматын "Бастау-Бизнес" жобасы аясында оқытып шықты

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша оқытылған азаматтардыӊ жобасын қаржыландыра бастады.

"Бастау-Бизнес" жобасыныӊ екі легініӊ қорытындысымен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушыныӊ жобасын қаржыландырды.

Атап өткен жөн, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы ауылдыӊ 367 азаматын "Бастау-Бизнес" жобасы аясында оқытып шықты.

"Бастау-Бизнес" жобасы "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған.

Жобаныӊ қатысушылары ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікпен айналысуға әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жұмыссыз азаматтар.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша өӊірдегі қазіргі таӊда пилоттыұ режимде Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаӊақорған аудандарыныӊ тұрғындары оқытылуда. Жыл соӊына дейін алты легпен 937 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін оқытудыӊ екі легі аяқталып, 367 қызылордалық оқып шықты. Қазір үшінші легтіӊ азаматтарын оқытуды бастадық. Үшінші легке 168 азамат өтінім беріп, оныӊ 157-сі тестілеуден сәтті өтті", - дейді Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Оқу процесі барысында қатысушылар бизнес-тренермен бірге бизнес-жоспарларын әзірлеп, әр легтіӊ қорытындысымен қатысушылар жобаларын Палата жанындағы облыстық комиссия алдында қорғап шығады. Комиссия құрамына "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроГарант" АҚ, "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы" ЖШС өкілдері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері енгізілген. Жобасын сәтті қорғап шыққан азаматтарды Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған қарды ұйымдарына қаржыландыру үшін ұсынады.

"Бастау-Бизнес" жобасыныӊ екі легініӊ қорытындысы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушыныӊ жобасы қаржыландырылды. Бұл Қармақшы ауданы тұрғындарыныӊ жобалары. Бүгінгі таӊда Қор өзге де аудандардағы қатысушылардыӊ жобаларын қаржыландыру үшін зерттеп, қарап жатыр", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорыныӊ орынбасары Байәділ Садиев.

"Өз ісімді, отбасылық бизнес түрін ашуды көптен армандап жүргем. "Бастау-Бизнес" жобасыныӊ бірінші легінде бір ай көлемінде оқып, біліктілігімді жетілдірдім. Наубайхана ашу жөніндегі бизнес-жоспарымды облыстық комиссия алдында қорғап, нәтижесінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жобамды қаржыландырды. 4 миллион теӊге несие алдым. Қуанышымда шек жоқ. Мемлекеттіӊ қолдауыныӊ арқасында отбасымда жұмыспен қамтылып отыр",-дейді жас кәсіпкер Ғайни Бекеева.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны