08.10.2007, 12:10 2002

«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы осы аптада тағайындалады - ҚР премьер министрі

«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы осы аптада тағайындалады - ҚР премьер министрі

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы келесі аптада тағайындалады. Бұл туралы 6-қазан күні "30 корпоративтік жетекші" мемлекеттік бағдарламасын талқылауға қатысты өткізілген дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының премьер-минисрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың алтауының басшысы бар. Ақтөбе қаласы, яғни, Батыс Қазақстан өңірі қалды. Келер аптада бұл адам да тағайындалатын болады", - деді К. Мәсімов.

"Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілеттігі айтарлықтай ауқымды. Көптеген мәселелерді, атап айтқанда, жер асты қойнауын пайдалану немесе жер мәселелерін олар арқылы шешу айтарлықтай жылдам болады. Осы мәселелер бойынша ерекше режим оларда қазірдің өзінде бар. Сіздер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар институты арқылы өз прблемаларыңызды сол жерде неғұрлым жедел шеше алу үшін біз оны күшейтетін боламыз", - деді ол дөңгелек үстелге жиналып отырған бизнес өкілдеріне.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылған. Олар - "Сары Арқа", "Тобыл", "Ертіс", "Жетісу", "Оңтүстік", "Каспий" және "Батыс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны