12.03.2012, 17:03 3413

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының "Тараз - ОҚО шекарасы" учаскесі жылдың аяғына дейін тапсырылады

"Тараз - ОҚО шекарасы учаскесін" компания жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша ол - 2013 жылы тапсырылуы керек еді", - деп жазды А.Жұмағалиев өзінің микроблогында.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының "Тараз - ОҚО шекарасы" учаскесі жылдың аяғына дейін тапсырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы өзінің Twitter ресми бетінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Тараз - ОҚО шекарасы учаскесін" компания жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша ол - 2013 жылы тапсырылуы керек еді", - деп жазды А.Жұмағалиев өзінің микроблогында.

Бұған дейін ҚР ККМ басшысы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жол учаскесіне барып, "К-Дорстрой" мердігерлік жұмысымен танысқанын жазған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны