23.10.2009, 18:15 4361

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәліз құрамындағы 3 жол учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер өтті

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәліз құрамындағы 3 жол учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер өтті

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәліз құрамындағы 3 жол учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер өтті. Бұл туралы бүгін көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы бойынша өткізілетін тендерлік процедураларды өткізу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәліздің ұзақтығы 8445 шақырымды құрайды, оның 2787 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Оның ішінде, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстар аумақтары арқылы. Жолдың 2452 шақырымын қайта салу жұмыстары жүргізіледі, жобаның жалпы құны 825,2 млрд теңгені құрайды.

Дәлізді қайта салу жобасы үш көзден қаржыландырылады: республикалық бюджет, жеке меншік капитал қаражаты (концессиялық негізде) және халықаралық қаржы институттарының (ХҚИ) займ қаражаттары. Олардың қатарында Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ), Азиялық даму банкі (АДБ), Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ) және Ислам даму банкі (ИДБ). 3 403 млн. АҚШ доллар сомасындағы ХҚИ беретін қаражат 33 учаскедегі құрылыс және қайта салу жұмыстарына жұмсалады.

Вице-министр Дулат Көтербеков ХҚИ займдарын беру шарттарының бастысы сатып алу процедураларының бәрін Халықаралық конкурстық сауда (ХКС) ережелеріне сәйкес өткізу болып табылатының атап өтті. ХКС шарттары бойынша жобаны іске асыруға барлық елдердің компаниялары тең шартта қатысуға мүдделі. Айрықша жобалардың қатарында - АДБ және ИДМ қаржыландыратын жобалар, өйткені оларға банк мүшелері болып табылатын елдердің компаниялар ғана қатыса алады. Құрылыс жұмыстары бойынша конкурстық процедуралары 2 кезеңде өткізіледі: квалификациялау алдындағы іріктеу және тендерлік ұсыныстарды бағалау. Басты факторлар қатарында квалификациялау алдындағы құжатты әзірлеу кезінде отандық құрылыс компаниялары мен өндірушілердің қатысу мүмкіндігін ескергенін атап өтуге болады.

Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде осы күні Жамбыл облысында орналасқан "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәліз құрамындағы 3 жол учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер өтті. Бұл жұмыстарды Азиялық даму банкі қаржыландырады.

Халықаралық конкурстық сауда Азиялық даму банкінің сатып алу жөніндегі нұсқауға сәйкес өткізіледі. Конкурстың бірінші кезеңінде техникалық талаптарға сәйкестігіне алдын ала квалификациялаудан 18 компания өтті. Олардың ішінде 8 отандық және 10 халықаралық компаниялар бар.

Үстіміздегі жылы дайындық жұмыстары жүргізіліп, жол-құрылыс материалдары дайындалады. Толықтай құрылыс жұмыстары 2010 жылдың наурызынан басталып 2012 жылы аяқталуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны