12.06.2009, 18:07 3226

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасының жүзеге асырылуына 2009 жылы 31 млрд теңге бөлінген

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасының жүзеге асырылуына 2009 жылы 31 млрд теңге бөлінген

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасының жүзеге асырылуына 2009 жылы 31 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов "Ұлы Жібек Жолының жандануы: ниеттен жүзеге асырғанға дейін" тақырыбында баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

И.Құсайыновтың айтуынша, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы негізгі Қытай - Қазақстан, Қытай - Орта Азия және Қытай - Ресей - Батыс Еуропа бағыттары бойынша жүк тасымалын қамтамасыз етуі тиіс.

Министрлік мәліметінше, 2007 жылы жасалған техникалық экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес жобаның құны 804 млрд теңгені құрап отыр. Қазақстан Республикасы бойынша дәліз ұзақтығы 2 787 шақырымды құрап, оның ішінде 2 452 шақырымы қайта жөндеуге жатады. Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет, халықаралық қаржы институттарынан сыртқы несиелер және концессиялық негіздегі меншік инвестициялар негізінде жүзеге асыру жоспарланған.

2007 жылдан бері құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы учаскесін республикалық бюджетінен қаржыландыруды жалғастыру жоспарланып отыр. Ұзақтығы 215 шақырым жол құны 21,3 млрд теңге (177,5 млн.$) құрап отыр.

Жалпы сомасы 3 519 млн долларды құрайтын халықаралық қаржы институттарының сыртқы несиелері Ресей Федерация шекарасы (Мартук) - Ақтөбе, Ақтөбе облысының шекарасы - Қызылорда - Шымкент және де Оңтүстік Қазақстан облыс шекарасы - Алматы облыс шекарасы учаскелеріндегі жұмыстарға бағытталады.

Концессиялық негізіндегі меншік инвестицияларын Алматы - Қорғас, Ташкент - Шымкент - Жамбыл облыс шекарасы учаскелерін қайта жөндеу жұмыстарына тартуға жоспарланған.

2009 жылдың бюджетінде бұл жобаның жүзеге асырылуына 31 млрд теңге бөлінген. Осы қаражат арқасында ағымдағы жылы Қарабұтақ - Ырғыз учаскесінде жұмыстарды жалғастырып және Жамбыл және Қызылорда облыстарында 972 шақырымға керек материал дайындап, мобилизация өткізу жоспарланып отыр. Кең ауқымды құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталып, шектестерін санамағанда 50 мыңға дейін жұмыс орындары құрылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны